Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Вячеслав Эрбес ұлттық команда тізгінін ұстауы мүмкін үміткерлердің есімін атады.
Әли Әлиев Бельгиядан ұтылған соң өз орнын босататынын мәлімдеген еді.
«Бұл сұраққа жауап беру қиын, бұл орынға кез-келгені отыра бермейді. Егер шетелдік бапкерді алса – қыруар қаржы әрі нәтиже болады деген кепілдік жоқ. Дәл осындай жағдай Станислав Черчесовпен болды – келді, құрамада 0 гол және ештеңе болмағандай бір мөшек ақшамамен кетті де қалды. Меніңше, отандық футболды жан-жүрегімен сүйетін жергілікті маманға сенім артқан дұрыс. Нақты үміткерлерді білмеймін, бірақ салыстырмалы түрде сол ұлттық команда намысын таяуда ғана қорғаған жас жаттықтырушыларды айтуға болады. Нұрбол Жұмасқалиев, бірақ ол ұлттық құрама штабында жұмыс істеді. Самат Смақов пен Рафаэль Уразбахтин. Қазір бұл бапкерлердің жасақтаған командалары тәуір ойын көрсетуде», - деді В. Эрбес “Sports.kz” порталына берген сұқбатында.
Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеуінде 5 ойыннан кейін 3 ұпаймен соңғы орындардын бірінде келеді. Әли Әлиевтің жаттықтыруымен ұлттық команда 6 матчта бір рет ұтып, қалғанында жеңіліс тапты.