Рафаэль Уразбахтин Португалияға қанша уақытта жеткенін айтты

17.09.2025, 18:15

 «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінде 7 мыңдай шақырым қашықтықты құрайтын Португалияға қанша уақытта жеткенін айтты.

Рафаэль Уразбахтин Португалияға қанша уақытта жеткенін айтты

- «Лиссабонға кеше күндіз ұшып келдік. Алғашқы жаттығуымызды өткізіп те үлгердік. Ұзақ жолдан кейін сәл сергіп алдық. Себебі, ұшақтағы сапар біраз уақытқа созылды. Мен секундомермен санап көрдім. Ұшаққа отырғаннан түскенге дейінгі уақыт 11 сағат 45 минутты құрады. Шамамен 12 сағат ұштық. Жолда ұшаққа жанармай құюға аялдадық.

Біз Олимпиада базасында жаттықтық. Ондағы алаңдар мінсіз. Бүгін кешке «Жозе Алваладе» стадионында ойын алдындағы жаттығуымыз өтеді. Бұл Еуропаға біздің алғашқы сапарымыз емес. Ең бастысы, жігіттердің ұзақ ұшудан кейін қайта қалпына келуін қалаймыз. Барлығы жақсы болады деген ойдамын», — деді Уразбахтин.

Айта кетейік, «Спортинг» пен «Қайрат» арасындағы ойын 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні 00:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×