
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин алматылық клубтың мақсат-міндеттері мен жас футболшылар туралы пікірін айтты.
«Біздің жас футболшылар «міне менің формам деп Instagram-ға фото салу үшін емес, алаңда жанын салып ойнаса дейміз. Жастар тәжірибелі футболшылармен тізе қосып, негізгі құрамға лайық екендерін дәлелдеуі тиіс. Осындай жауапкершілікке немқұрайлы қарайтын болса, онда басқаларға сенім артамыз. Негізгі құрам дегеніміз жауапкершілік. Барыңды салып, командаңа, әріптестеріңе, клубыңа пайдаңды тигізуің керек. Менің назарым осыда. Бізде барлығы өзін жақсы жағынан көрсету үшін шығады, одан басқа мақсат жоқ. Әрбір футболшы «Қайраттың» жейдесін тегін кимегенін дәлелдейді», - деді қазақстандық маман.
«Қайрат» кеше Қазақстан Кубогінің 1/8 финалдық кезеңінде ақтаудың «Каспийін» ұтып, ширек финалға шықты 3:0. Сондай-ақ, алматылық клуб ҚПЛ-2025-те төрт турдан кейін көш бастап тұр. Соңғы турда Р. Уразбахтин шәкірттері сырт алаңда «Атыраудан» айласын асырған 1:4. «Мұнайшыдағы» матчта Дастан Сәтпаев дубль жасап, бір ассист берді.
Біздің серіктес: FONBET