Рафаэль Уразбахтин: “Реалмен” кездесу қазақ футболы үшін тарихи сәт”

29.08.2025, 15:15

“Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жеребе қорытындысына пікір білдірді.

Рафаэль Уразбахтин: “Реалмен” кездесу қазақ футболы үшін тарихи сәт”

“Реалмен” ойнайтынымыз қуантып отыр. Қазақстанға мұндай деңгейдегі клуб күнде келе бермейді. Білген сәтте қатты қуандық. Қарсылас ретінде мүмкіндігінше көп грандтарды көргіміз келді. Ал бізге қазірдің өзінде “Реал”, “Интер”, “Арсенал” түсті, керемет командалар. Оларға қарсы ойнау мүмкіндігі туғанына разымыз.

Жеребенің қорытындысына көңіліміз толады. “Реалға” сөз жоқ, “Интер” соңғы жылдары тұрақты түрде Чемпиондар лигасында ойнап жүр. “Арсенал” жартылай финалға дейін жетіп, Англияда чемпиондыққа таласып жүрген команда. “Брюгге”, “Спортинг”, “Олимпиакос”, “Пафос” және “Копенгаген” бәрі өз елдерінің чемпиондары болған мықты клубтар. Жалпы деңгей өте жоғары.

Әрине, біз олардың жанында әлсіз болып көрінуіміз мүмкін. Бірақ футболда бәрі мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Өз алаңымызда матчтарда жанкүйерлер қолдауы бізге күш береді деп сенеміз. Қай уақытта ойнайтынымыз да маңызды, сонымен қатар ауа райы да әсер етеді. Еуропадан бізге ұзақ жол жүру керек болады. Факторлар аз емес. Дегенмен қарсыластарымыздың ойыншыларының деңгейі өте жоғары, сондықтан ұшақтағы шаршаудан олар зардап шегеді деп ойламаймын. Біз бар күшімізді салып, соңына дейін күресеміз.” – деді Уразбахтин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×