“Қайрат” клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Дастан Сатпаевтың Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің соңына дейін жарыстан шеттетілуі мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдіріп, бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары УЕФА-ның Сатпаевқа “қасақана” сары қағаз алғаны үшін жаза қолдануы мүмкін екенін жазған болатын.
Уразбахтин журналистердің осы сұрағына жауап бере отырып, мұндай ақпараттың жалған екенін баса айтты.
“Бұл ақпаратты кім таратып жүр? Менде ондай мәлімет жоқ, жазып жүрген адамдардан сұраңыздар. Жай ғана адамдар осыған хайп жасап жатыр.” – деді Рафаэль Уразбахтин.
Осылайша бас бапкердің бұл мәлімдемесі жас Дастан Сатпаевтың болашағына қатысты туындаған барлық күмәнді сейілтіп отыр.