«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Қазақстан Премьер-Лигасының 17-турында «Қайсармен» тең аяқталған (1:1) матчтан кейін өз пікірін білдірді.
- Ұпай жоғалтуды жоспарлаған жоқпыз. Біз бұл ойынға байсалды дайындалдық. Қызылордадағы бірінші кездесуді талдап, қателермен жұмыс істедік. Бәрі жоспар бойынша жүріп келе жатқан еді. Жігіттер барын салды, тапсырмаларды орындап жатты. Бірінші таймда бірнеше жақсы мүмкіндік жасадық. Өкінішке қарай, гол соға алмадық. Сосын біз бір ойыншымыздан айырылдық. Қызыл қағаз үшін төреші не көргенін нақты білмеймін. Оларға жақсырақ көрінген шығар, — деді Уразбахтин.
Бапкер ойыншылардың сан жағынан аз болып қалған сәтте де берілмегенін атап өтті:
— Жігіттер он ойыншымен де алға ұмтылып, тырысты. Біз бірнеше ойыншыны алмастырып, шабуылды жандандыруға тырыстық. Бірақ қарсылас толық құраммен жақсы қорғана білді. Біз оңтайлы сәтті таба алмадық. Бұл үшін «Қайсарды» да атап өту керек. Дегенмен, өз мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз қажет еді. Нәтиже тең болса да, жігіттерге рақметімді айтқым келеді. Олар соңына дейін күресті, берілмеді, тіпті азшылықта бола тұра басымдыққа ие болды. Өкінішке қарай, оны голға айналдыра алмадық. Бірақ бұл - футбол. Алға қарай жылжуымыз керек, — деді Уразбахтин.