Рафаэль Уразбахтин: жауапты ойында не болатынын айта алмаймын

21.08.2025, 02:58

Чемпиондар лигасының плей-оффында «Селтикпен» сенсациялық түрде тең тарқасқан алматылық клубтың бас бапкері мәлімдеме жасады.

Рафаэль Уразбахтин: жауапты ойында не болатынын айта алмаймын
  • «Енді біз үйге дейін 5 000 шақырымды жүріп, қайтуымыз қажет. Ұзақ жол күтіп тұр. Одан кейін тез арада қалпымызға келуге тиіспіз. Дәл қазір жауапты ойында не болатынын айта алмаймын. Тек футболшыларым соңына дейін беріспейтіндігіне ғана кепілдік беремін. Осы орайда біз жанкүйерлердің жалынды қолдауына сенім артатын боламыз. Олардың көмегі оң нәтижеге жеткізетіні сөзсіз», - деді Рафаэль Уразбахтин.

Жауапты ойын 26 тамыз күні Алматыдағы «Орталық» стадионда 21:45-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 33
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×