«Қайрат» құрамасының бас бапкері Қазақстан чемпионатының соңғы бөлігі бойынша пікір білдірді.
- «Оқжетпестің» бізден ұпай алғысы келетінін түсіндік. Біз жігіттерді қандай жағдай болса да, үш ұпай алуымыз қажет деп дайындадық. Алдымызда алты ойын қалды. Соларды жеңуге тырысуымыз қажет. Жігіттермен қалған алты ойын - алты финал болады деп келістік. Бүгін алғашқы финал өтті.
Бірінші таймды айтсақ. Жылдам гол соғып, біраз еркінсіп кеттік. Бірінші таймда тағы да гол соғатын мүмкіндіктеріміз болып еді. Егер сол сәттерді пайдаланғанда, соңғы минуттарда жүйкемізді жұқартпас едік. Екінші таймда қарсылас тактикасын өзгертіп, шабуылға басымдық берді. Біз қарсыластың қысымына төтеп бере алдық. Әдемі ойын болмаған шығар. Бірақ бастысы, үш ұпайды иелендік.
Үзіліске жақсы көңіл-күймен кетіп бара жатырмыз. Құрамаларға аттанатын жігіттерге сәттілік тіледік. Қазір аздап тынығып, ойыншылардың жеңіл жарақаттарын жазуға уақыт болады. Жаңа күшпен оралып, әрі чемпионатқа, әрі еурокубок матчтарына дайындаламыз, – деді бас бапкер,