Рафаэль Варан «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

28.07.2021, 14:55
Футболшы төрт жылдық келісім-шартқа отырады.
Рафаэль Варан «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

"Манчестер Юнайтед" ресми сайтында "Реал Мадридтің" қорғаушысы Рафаэль Варанның трансфері туралы хабарлады. Француз футболшысы медициналық тексерістен өткеннен кейін ағылшын клубымен келісім-шартқа отырады.

Рафаэльдің "қызыл сойқандармен" келісімі 2025 жылдың жазына дейін жарамды болмақ. Тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Ал мадридтік клуб өз футболшысы үшін 50 миллион еуро алады.

Варан "Реал Мадридтің" намысын 2011 жылдан бері қорғап келеді, оған дейін ол "Ланс" клубында ойнады. Өткен маусымда Рафаэль Ла Лиганың 31 матчына қатысып, екі гол соқты, екі сары қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×