Рахим Стерлинг «Челсиге» ауыспақ

10.07.2022, 16:21
Футболшы бес жылдық келісім-шартқа қол қояды деп күтілуде.
Рахим Стерлинг «Челсиге» ауыспақ

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Рахим Стерлингті алу үшін «Челси» 45 миллион фунт стерлинг төлейді. Бұл туралы Фабрицио Романо өзінің твиттер парақшасында жазды.

Лондондық клуб ойыншы үшін тағы 10 миллион фунтты бонус ретінде төлейді.

Романоның тағы бір ақпаратына сенсек, Рахим «Челси» сапында 2027 жылдың жазына дейін өнер көрсетпек. Егер басшылыққа аяқдопшының ойыны ұнап жатса, тағы бір жылға қалады.

Өткен маусымда шабуылшы «қалалықтар» сапында 47 рет алаңға шығып, 17 гол салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×