"Манчестер Сити" мен Англия құрамасының шабуылшысы Рахим Стерлинг әлеуметтік жағынан аз қамтылған жастарға арналған қайырымдылық қорын құрды.
"Жасау керек" дегеннен "жасадым" деп айтатын кезеңге жеттік деп ойлаймын. Енді мен түбегейлі осы іспен айналысатын боламын. Бір кездері менің басымда болған жағдайларға тап болған жастарға көмектесуді жоспарлап отырмын. Мұқтаж жандарға университетке баруға, футбол жабдықтарын сатып алуға және басқа заттарын алуға көмектесемін. Мен көмек қолын созғым келеді.
Менде оларда жоқ миллион бар. Және көмектесе алатыныма қуанамын. Мен ең болмағанда, біреудің көңілінен шығып, Англияда жақсы адамдардың бар екеніне көздерін жеткізуге тырысамын", - деп келтіреді The Times Стерлингтің сөзін.
Біздің серіктес: FONBET