Ракитич: ӘЧ теледидардан тамашалау маған қиынға соғады. Оданда алаңда доп теуіп жүргенім жақсы

14.12.2022, 07:11
Ракитич: ӘЧ теледидардан тамашалау маған қиынға соғады. Оданда алаңда доп теуіп жүргенім жақсы


"Севилья" жартылай қорғаушысы Иван Ракитич Хорватия ұлттық құрамасының ойындарын теледидар арқылы қаншалықты қиын болсада тамашалап жүргенін айтты. 


"Әлем чемпионатын теледидардан тамашалау - менің басымнан өткен ең сорақы жағдай деп нық сеніммен айта аламын. Маған қиын. Мен үшін бұл жаңа сынақ. Команданы айқай салып қолдаудан басқа амалым жоқ. Мүмкіндік туса алаңға суырылып шыққым келеді. Әттең, көк жәшікте ондай мүмкіндік жоқ. Қазір тек құраманы қолдаумен шектеліп жатырмын.


Аргентинаға қарсы ойын оңай болмас. Бізді тартысты кездесу күтеді. Менің ойымша, Аргентина ойыншылары жабық ойын өрнегін көрсетеді. Осы жайтты Хорватия футболшылары пайдалануы тиіс. Бастысы қарсыласты өз қақпамызға қарай көп жолата бермеу керек".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×