Ракитич: «Месси мен Суарес ешқашан жақын досым болған емес»

21.09.2020, 19:28
Ракитич «Барсадан» кетті, Месси мен Суарестің де кететін күні алыс емес.
Ракитич: «Месси мен Суарес ешқашан жақын досым болған емес»

"Барселонадан" бұрынғы клубына қайта оралған «Севильяның» жартылай қорғаушысы Иван Ракитич каталондық команданың шабуылшылары Лионель Месси және Луис Суареспен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Месси, Суарес және мен ешқашан жақын дос болған емеспіз. Менің ойымша, 23-24 достардан тұратын команда жасау қиын.

Менің жақын достарым Иньеста, тер Штеген, Боатенг және Фирпо болды. Бірақ мен Леоны да, Луисті де құрметтеймін. Олар алты жылдан бері менің командаластарым, өте маңызды ойыншылар. Мен олармен үнемі жақсы араласатынмын және оларды қатты құрметтейтінмін. Пандемияға байланысты үзіліс кезінде біз бәріміз бірге көршілер сияқты болдық. Мен оларға осы жылдар аралығында маған деген қарым-қатынасы үшін ризамын», - деді Ракитич Sport.es сайтына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×