Ракитич қайда ауысады?

13.05.2020, 08:45
«Барсадан» кету оңай ма?
Ракитич қайда ауысады?

"Лацио" футбол клубы Иван Ракитичті сатып алу жоспарын қарастырып жатыр. Sport.es сайтының мәлімдеуінше Рим қаласының клубы хорват ойыншысына қатты қызығып отыр. Егер футболшымен жеке келісім бойынша келісе алса, онда жақсы жалақы мен 3 жылдық шарт ұсынбақ. Бірақ, Иван оған көне қояр ма? Ол осы "Барсадағы" контрактысын аяқтап кеткісі келіп отыр. Немесе тағы бір нұсқасы бар екен. "Севильяға" ауысу. Жақын арада не болатынын көреміз. Өйткені, "Барселона" басшылығы Ракитичті сатып, 20 миллион еуро болса да пайда тауып қалмақшы. Әйтпесе, Иванның келісімі келесі жылы аяқталып қалайын деп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×