Рамазан Оразов: «Астанаға» ауысар едім, бірақ...

Бүгін, 10:21

«Елімайдың» көшбасшысы Рамазан Оразов мансабы мен ҚПЛ-дің топ-клубына ауысуы туралы баяндады.

Рамазан Оразов: «Астанаға» ауысар едім, бірақ...
Рамазан Оразов

Жартылай қорғаушының айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын «Астана» жейдесін киюге жақын болған, алайда, елордалық клуб бас бапкері Оразовты командадан көргісі келмеген ұқсайды.

«2021 жылы және 2023 жылдың басында мен «Астанаға» ауысар едім, бірақ бас бапкер маған қызығушылық танытпады. Бұл мен үшін маңызды. Егер бапкер сізді командадан көрмесе, неге ауысасыз? «Астана» – «Ақтөбе» мен «Қайрат» сияқты Қазақстан футболының флагманы. Онда ауысу жақсы нұсқа болар еді, себебі сіз жыл сайын еурокубоктың іріктеу кезеңінде ойнайсыз. Онда сізді еуропалық скауттар байқауы мүмкін», – деді Р. Оразов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік Рамазан Оразов осы жақында ғана «Елімайдың» толыққанды ойыншысы болды. Оған дейін жартылай қорғаушы семейліктер сапында жалда жүрген. «Елімай» футболшыны данияның «Силькеборгынан» сатып алды. Келесі жылы семейлік команда Рамазан Оразовқа Конференциялар Лигасында үлкен сенім артады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×