Рамазан Оразов бүгін жаңа клубының қатарында алаңға шығуы мүмкін

06.07.2024, 14:49

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов бүгін "Силькеборг" сапындағы бірінші кездесуін өткізуі ықтимал.

Рамазан Оразов бүгін жаңа клубының қатарында алаңға шығуы мүмкін
Рамазан Оразов

Даниялық команда қазір Нидерланды жерінде оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Оразовтың ұжымы осы ОЖЖ аясында екі жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Бірінші бәсекеде "Силькеборг" жергілікті "Утрехтпен" шеберлік байқаспақ. Ал одан кейін "ПЕК Зволле» командасымен ойнайды. Рамазан Оразов жаңа клубының бірінші кездесуінде қосалқы құрамда қалды.

Айта кетейік, жартылай қорғаушы Дания Кубогінің иегерінің қатарына"Ақтөбеден" ауысып барды. Футболшы мен даниялық клуб келісімшарты 2027-жылға дейін. Рамазан Оразов бұған дейін "Ақтөбеден" бөлек, "Қайрат","Тобыл","Ақсу" жейдесінде өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ресейлік "Чайка", латвиялық"Даугавпилс" пен словенияның "Коперінің" намысын қорғаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×