Рамазан Оразов: «Бұл - футбол, мұнда барлығы болады»

16.05.2020, 21:48
Рамазан Оразов Sports.kz сайтына берген сұхбатынан.
Рамазан Оразов: «Бұл - футбол, мұнда барлығы болады»

Қазіргі кезде Латвияның "Даугавпилс" футбол клубының жаңа ойыншысы атанған Рамазан Оразов Sports.kz сайтына сұхбат берген болатын:

"Мен бұрынғы командам "Қайрат" футбол клубына "бұл - футбол, мұнда барлығы болады" деп айтқым келеді. Мен бұл жерге бала кезімде келдім, академияның барлық кезеңінен өттім, одан кейін бірінші лигада ойнап, негізгі құрамға іліктім. Бұл клуб мені футболшы ретінде өсірді, сондықтан да мен бұл клубқа қарыздармын. "Қайрат" футбол клубына әрі қарай да жанкүйерлік ете беремін. Қолдау көрсетіп жатқан адамдарға алғысым шексіз. Әсіресе, "Қайрат" жанкүйерлеріне естен кетпес эмоциялар үшін алғыс айтамын. Бір күні бұл эмоцияларды қайтадан бастан кешіремін деген үміттемін."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×