Рамазан Оразовтың «Силькеборгы» Дания Кубогінің ширек финалының жауапты кездесуінде сырт алаңда «Ольборгпен» кездесіп, жеңіске жетті (2:1).
Қос ұжымның бірінші бәсекесінде тең нәтиже тіркелген – 2:2.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы маңызды матчта алаңға 60-минутта шыққан болатын. Бұл бәсекеде «Қайраттың» түлегі пайдалы іс-әрекеттерімен көзге түсе алған жоқ, тек сары қағазбен жазаланды (78-минут). Айта кетейік, «Силькеборг» Дания Кубогінің иегері саналады.
Рамазан Оразов биыл Дания чемпионатының 11 ойынына қатысып, бір гол салды. Осыған дейін жартылай қорғаушының «Силькеборгтың» қосалқы командасына ауыстырылғаны жайында ақпарат тараған еді. Бірақ футболшының өзі оны теріске шығарды. Айта кетейік, Оразов пен клубтың келісімшарты 2027-жылдың 30-тамызына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET