Даниялық команда 27 жастағы жартылай қорғаушыны “Елімайға” сатып жіберді.
Рамазан Оразов “Елімай” командасына толық тиесілі болды. Семейлік ұжым бірнеше айларға созылған келіссөздер нәтижесінде Алматы тумасын 50 мың еуроға сатып алды (30 млн теңге).
Өткен маусымда Рэм “Елімайда” жалға өнер көрсетті. Ол алаңда барлығы 820 минут өткізіп, 2 гол мен 2 голдық пас берді. Жартылай қорғаушы үшін сәтті маусымнан кейін Семей ұжымы Оразовты толыққанды ойыншысы етудегі әркеттерді жасап, өз дегеніне жетті.
Transfermarkt порталы 27 жастағы футболшыны 450 мың еуроға бағалайды.