Рамазан Оразов Конференция Лигасындағы келесі кездесуіне қатыспайды

Жартылай қорғаушы Рамазан Оразов “Силькеборгтың” бельгиялық “Гентке” қарсы ойынында төбе көрсете алмайды, деп жазады Kazfootballkz.

 

Рамазан Оразов Конференция Лигасындағы келесі кездесуіне қатыспайды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Еуропа Лигасының екінші іріктеуінің “Мольдеге” қарсы матчында қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Сол себептен Оразов өз командасының “Гентпен” болатын алдағы ойынынан шет қалады.

26 жастағы ойыншы “Ақтөбеден” “Силькеборгқа” ауысқалы осы маусымда 6 кездесуде алаңға шықты. 

Қос команда арасындағы бәсекені ертең, 8 тамыз күні сағат 21:30 тамашалай аласыздар. Қарымта матч 15 тамыз күні Гент жерінде өтеді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×