Рамазан Оразов: Мәселемді шешуге көмектескен Әділет Барменқұловқа үлкен алғыс айтамын

24.04.2024, 12:29

«Ақтөбе» мен Қазақстан Ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов өзінің инстаграм желісіндегі парақшасы арқылы ҚФФ Президенті Әділет Барменқұловқа алғыс білдірді.

Рамазан Оразов: Мәселемді шешуге көмектескен Әділет Барменқұловқа үлкен алғыс айтамын

«Бүгін Ұлттық құрама тарапынан отбасылық қолдауды сезіндім. Маған қатысты туындаған мәселені шешуге бірден ҚФФ Президенті Әділет Назарбайұлы Барменқұлов араласқан болатын. Сол үшін үлкен алғыс айтамын. Маған жан-жақты қолдау көрсетілді. Соның арқасында туындаған мәселенің себептерімен өте қысқа уақытта танысып, оны шешудің жолдары да табылды. Енді мен өз командама қайтып оралып, сол үшін барымды салатын мүмкіндік алдым. Одан кейін әрине, қыркүйектегі матчтарда Ұлттық құраманың жанынан табыла аламын», деген еді Р. Оразов.

Айта кетейік, 2021 жылы жартылай қорғаушы "Қайратпен" келісімшарты бола тұра, латвиялық “Даугавпилс” ұжымына ауысқан. Алматылық ұжым осы жағдайға байланысты УЕФА-ға арызданды. Тарқатып айтар болсақ, «Қайрат» латвиялық клубтан Оразовты маусым бойы жаттықтырғаны үшін үстемақы талап еткен болатын. Алайда, 3 жыл уақыт өтсе де, “Даугавпилс” бұл талапты орындамай келген. Ал енді осының барлығының зардабын “Ақтөбе” тартқалы тұрған еді. Футболшыны баннан шығару үшін қазіргі клубы “Қайратқа” 20 мың еуро төлеуі тиіс болатын. Сонымен, ҚФФ Президенті Әділет Назарбайұлының араласуымен Рамазан Оразов енді емін-еркін доп тебетін болды. Естеріңізге салайық, 26 жастағы ойыншы “Ақтөбе” үшін осы маусымда барлығы 3 ойын өткізген. 
    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×