Рамазан Оразов: “Өз командамның намысын қорғау үшін алаңға қайта оралғаныма қуаныштымын”

“Ақтөбе” ФК жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында УЕФА-дан келген бандық шектеудің алынып тасталынғанына қуанышты екенін жеткізді.

Рамазан Оразов: “Өз командамның намысын қорғау үшін алаңға қайта оралғаныма қуаныштымын”

 

  • Ұлттық құрамамыздан өз тарапыма деген ыстық қолдауды сезіне алдым. Жалпы менің мәселемді шешуде ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұловтың өзі кіріскен болатын. Бей-жәй қарамағаны үшін Әділет Назарбайұлына үлкен алғысымды білдіремін. Маған аз уақыттың ішінде жан-жақты қолдаулар келді. Жылдам әрекет етудің арқасында барлығы өз қалпына келді. Өз командамның намысын қорғау үшін алаңға қайта оралғаныма қуаныштымын. Және ең бастысы құраманың қыркүйектегі ойындарына көмектесе аламын, - дейді Оразов. 

Айта кетейік, “Ақтөбе” 28 сәуір күні “Жетісуге” қонаққа барады. Аталған кездесуде Рамазан Оразов өз командасына көмектесе алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×