Семейдің "Елімай" клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Рамазан Оразовтың өздеріне ауысқанын ресми мәлімдеді.
“Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Даниялық Силькеборг клубынан Семейлік Елімай сапына еркін агент ретінде ауысқанын ресми хабарлаймыз!
🏟️Мансабының маңызды бөлігін «Қайрат», «Ақтөбе» қатарында өткізген ойыншы қазақтың Модричі атымен кеңінен танымал. Словениялық «Копер» мен Дания біріншілігінде ойнау тәжірибесі бар ойыншыға туған еліне қош келдің дейміз!
👨👩👧👦Оның үстіне Рамазан Оразовтың жұбайы Абай облысының, Ақсуат ауданынан екенін айтқымыз келеді. Қош келдің күйеу бала!” – делінген клубтың әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, футболшы өткен маусымда Данияның “Силькеборг” клубында өнер көрсетіп, чемпионатта 16 ойында 2 гол соққан еді.