
Рамазан Оразов "Силькеборг" командасының жейдесінде
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Дания біріншілігінің 26-турында «Силькеборг» сапында «Ольборгқа» қарсы ойында өнер көрсетті.
Отандасымыз аталған матчты қосалқы құрамда бастап, алаңға 81-минутта шыққан. Айта кетейік, бұл Оразовтың даниялық клуб жейдесінде доп теуіп тұрған 9-наурыздан бергі бірінші кездесуі. Оған дейін 5 ойында қосалқы құрамда қалып отырған.
Матчтың өзі «Силькеборгтың» жеңісімен аяқталды – 4:0. Рамазан Оразов негізгі құрамға жарты жылдан бері іліне алмай келеді. Рамазан Оразов пен даниялық клубтың келісімшарты 2027-жылдың жазына дейін жарамды. 27-жастағы футболшының нарықтық бағасы 450 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET