Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы кеше Дания біріншілігінің 17-турындағы «Силькеборг» - «Орхус» кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімінде болды.
Алайда, отандасымыз алаң иелерінің қосалқы құрамында қалып қойды. Рамазан Оразов биыл Дания чемпионатының 11 ойынына қатысып, бір гол салды. Осыған дейін жартылай қорғаушының «Силькеборгтың» қосалқы командасына ауыстырылғаны жайында ақпарат тараған еді. Бірақ футболшының өзі оны теріске шығарды. Айта кетейік, Оразов пен клубтың келісімшарты 2027-жылдың 30-тамызына дейін жарамды.
Ал кешегі кездесу тең аяқталды (1:1).
Біздің серіктес: FONBET