Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Силькеборг" сапындағы алғашқы добын соқты.
Отандасымыз даниялық команда сапында Нидерландының "ПЕК Зволлесінің" қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Бұл жолдастық кездесудің 31- минуты болатын. Айта кетейік, Оразовтың жаңа командасы Нидерландыда ОЖЖ өткізуде. Қазақстандық футболшы "Силькеборг" - "Утрехт" бәсекесінде де бақ сынаған. Ол матчты қосалқы құрамда бастап, кездесуге екінші тайм барысында шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы "Силькеборг" командасымен 2027-жылдың маусымына дейін келісімшартқа отырған. Бұдан бөлек Рамазан Оразов "Ақтөбе","Қайрат","Ақсу" секілді командаларда доп тепті. Сондай-ақ, латвияның "Даугавпилс", ресейлік"Чайка" және словенияның "Копер" клубтарының да намысын қорғаған.
Біздің серіктес: FONBET