Рамазан Оразов жаңа клубының жейдесінде бірінші ойынын өткізді

07.07.2024, 12:06

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов кеше "Силькеборг" - "Утрехт" кездесуіне қатысты.

Рамазан Оразов жаңа клубының жейдесінде бірінші ойынын өткізді
Рамазан Оразов

Футболшы ойынды қосалқы құрамда бастаған. Оразов матч барысында жасыл алаңға шығып, даниялық клубқа тең нәтижені ұстап қалуға көмектесті. Матч 2:2 есебімен аяқталған болатын. Қазақстандық футболшы "Силькеборгпен" Нидерланды жеріндегі ОЖЖ-ға қатысуда. Даниялық клуб келесі кездесуін 9-шілдеде нидерландылық "ПЕК Зволлеге" қарсы өткізеді. Бұл ойынды Рамазан Оразов матчты негізгі құрамда бастайды деп күтілуде.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы "Силькеборг" командасымен 2027-жылдың маусымына дейін келісімшартқа отырған. Оған дейін Оразов "Ақтөбе","Қайрат","Ақсу" секілді командаларда доп тепті. Сондай-ақ, латвияның "Даугавпилс", ресейлік"Чайка" және словенияның "Копер" клубтарының да намысын қорғаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 56
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×