Рамазан Оразовтың Дания біріншілігіндегі тағы бір жақсы ойыны

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
Бүгін, 10:50

Кеше Дания суперлигасының тоғызыншы турында «Силькеборг» өз алаңында «Бреннбю» клубын қабылдап, тең тарқасты (3:3).

Рамазан Оразовтың Дания біріншілігіндегі тағы бір жақсы ойыны
Рамазан Оразов командаластарымен

Бұл кездесуде алаң иелерінің сапында Рамазан Оразов жасыл алаңға бірінші минуттардан шықты. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы бұл матчта көзге түсе алмады, алайда, командасының түпкілікті нәтижесіне өзінің үлесін қосты деуге болады. «Қайраттың» түлегі ойынның 60-минутында алаңдағы орнын әріптестеріне босатып берді. Ал «Силькеборг» Дания біріншілігінің тоғыз турынан кейін үшінші орынға жайғасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Рамазан Оразов осы жазда «Ақтөбеден» Дания біріншілігінің өкілі «Силькеборгқа» ауысты. Бұл қазақстандық футболшының төртінші шетелдік ұжымы: ол осыған дейін Словенияның «Копер», Ресейдің «Чайка» және Латвияның «Даугавпилс» дейтін командаларында доп тепкен. Қазақстандық футболшы жаңа клубының сапында жеті кездесуге қатысып, бір гол салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×