Рамазан Оразовтың Даниядағы жағдайы өте нашар. Жартылай қорғаушының жағдайы не болмақ?

14.04.2025, 17:54

Рамазан Оразовтың Дания біріншілігіндегі жағдайы мәз емес.

Рамазан Оразовтың Даниядағы жағдайы өте нашар. Жартылай қорғаушының жағдайы не болмақ?
Рамазан Оразов

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы бір айдан астам уақытта алаңнан бой көрсетпей жүр. Отандасымыз кеше «Виборгқа» қарсы сырт алаңда болған бәсекеде де көрінбеді. Vesti.kz осы орайда Оразовтың Дания біріншілігіндегі жағдайына материал арнаған болатын.  

«Бүгін Дания чемпионатында «Силькеборг» сырт алаңда «Виборгпен» болған кездесуде жеңіліс тапты (1:2). Кент Нильсен  тек үш ойыншыны алмастырып, Рамазан Оразовты алаңға шығармауды жөн көрді. 

«Силькеборгтағы» оқиға осымен қатарынан бесінші ойында қайталанып отыр. Соңғы рет Рамазан Оразов командасының жейдесінде 2-наурызда «Сеннерьюскпен» болған ойында шыққан еді (3:1). Бұл ойында Рамазан Оразов 93-минутта шығып ақтық ысқырыққа дейін гол салып, көзге түсіп үлгерді», - делінген порталдың жазбасында.   

Айта кетейік, Рамазан Оразов негізгі құрамға жарты жылдан бері іліне алмай жүр. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының сапында ӘЧ-2026 іріктеуінде Лихтенштейнге қарсы кездесуде доп тепті. Рамазан Оразов пен даниялық клубтың келісімшарты 2027-жылдың жазына дейін жарамды. 27-жастағы футболшының нарықтық бағасы 450 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 6
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×