Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов намысын қорғайтын данияның «Силькеборгы» Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шыға алмады. Кеше даниялық клуб екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында норвегия өкілі «Мольдені» қабылдап, 3:2 есебімен басым түскен. Алайда, қос ойын қортындысы бойынша ары қарай «Мольде» өтті (5:4).
Рамазан Оразов алаң иелерінің сапында матчтың 73-минутында шықты. Қазақстандық жартылай қорғаушы алаңға шыға салып гол соққан еді, алайда кездесудегі бас төреші оны есепке алған жоқ. Тіпті осы эпизодтан кейін үш минут өткенде төреші Оразовты алаңнан қуды. Айта кетейік, бұл қазақстандық футболшының «Силькеборг» сапында еурокубок ойындарында өткізген екінші ойыны. Қос команданың бірінші кездесуінде отандасымыз матчты негізгі құрамда бастап, екінші таймда өз орнын командаласына босатқан болатын. Естеріңізге салсақ, Рамазан Оразов Дания чемпионатына осы жазғы трансферде «Ақтөбеден» ауысып барды. Футболшы мен «Силькеборгтың» келісімшарты 2027-жылдың маусымына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET