Рамос өз туылған күніне сыйлық жасады

30.03.2024, 21:10

“Севилья” командасы Ла Лиганың 30-турында “Хетафе” командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Рамос өз туылған күніне сыйлық жасады

Бүгін, 30 наурыз, Серхио Рамостың туылған күні. Ол 1986 жылы Севилья Провинциясының Камас қаласында дүниеге келген болатын. Рамос кәсіби футболдағы мансабын 2004 жылы бастаған. 

Туылған күнінде матч өткізген Рамос “Хэтафе” қақпасына небәрі 5 минутта гол соқты. Жанкүйерлер өкінішіне орай, Серхионың сол голынан кейін таблодағы есепке өзгеріс еңген жоқ. 

38 жастағы орталық қорғаушы өз мансабында “ПСЖ”, “Севилья” және “Реал Мадрид клубтарында өнер көрсетті. Соңғы аталған ұжымда Рамос 400-ден астам ойын өткізіп, бас-аяғы 22 трофейге қол жеткізді. Футболшы корольдік клуб тарихындағы ең титулды ойыншылардың бірі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×