Раньери "Фулхэм" ойыншыларын "Макдональдске" апарамын деді

21.11.2018, 23:51
Раньери "Фулхэм" ойыншыларын "Макдональдске" апарамын деді
Клаудио Раньери ағылшын премьер-лигасына қайта оралды. 67 жастағы Италиялық маман «Фулхэм» клубының бас бапкері болып тағайындалды. Қазір Лондон командасы турнир кестесінде ең соңғы орында келеді. Футболшылар жоғарғы лигада қалу үшін алаңда бөрібалықтар секілді айқасуы керек дейді, Раньери. Италиялық маман 2016-шы жылы «Лестермен» ағылшын премьер-лигасында топ жарып, талайларды таң қалдырған болатын. Жаңа бапкер алдымен қорғанысқа көңіл бөлетінін жеткізді. «Фулхэм» 12 турдан кейін небәрі бес ұпаймен көш соңында қалып қойды. Лондондықтар клуб қақпасына 31 доп жіберіп, бұл көрсеткіш жағынан лигадағы ең нашар команда болып тұр. Раньери 2000-шы жылдары Лондондағы «Челси» клубын да жаттықтырған еді. Клаудио Раньери «Фулхэм» ФК бас бапкері: - Команданың бірнеше ойынын көріп шықтым. Шеберлігі айтарлықтай футболшылар көп. Премьер-лига қалуға мүмкіндік бар.  Қазір жігіттерге жігер мінез жетіспейді. Ең бастысы жеңіске деген сеніммен, рухтанып алаңға шығу керек. Әйтпесе нәтиже болмайды. Сосын қорғанысты түзеген дұрыс. Енді осы ойымды футболшылардың бойына сіңіруге тырысамын. Егер қателік жасасаң аш балық секілді жанұшыра ойнау керексің. Раньери «Лестерді» жаттықтырып жүргенде әр жеңіс сайын команда сапындағы ойыншыларға пицца әперетін. Енді ол «Фулхэм» футболшыларын Макдональдсқа апарам дейді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×