Рангело Янга: «Ең бастысы жеңіске жетіп, алға қойған мақсатымызға жақындай түстік»

25.09.2018, 02:29
Рангело Янга: «Ең бастысы жеңіске жетіп, алға қойған мақсатымызға жақындай түстік»
«Астана» Премьер-лиганың 27-туры аясында сырт алаңда Оралдың «Ақжайық» командасын 2:1 есебімен жеңді. Матчтың қалай өрбігендігін елорда командасының шабуылшысы Рангело Янга клубтың баспасөз қызметіне айтып берді. – Біз ойынды өте жақсы бастап, 2:0 есебімен алда тұрдық. Алайда, одан кейінгі өзіміздің жіберген қателігіміз, қақпамызға соғылған голға алып келді. Дегенмен, ең бастысы жеңіске жетіп, алға қойған мақсатымызға жақындай түстік. «Астана» сапында жалпы 11 ойын өткізіп үлгердің. Оның бесеуін премьер-лига аясында. Қазақстан чемпионатының деңгейін бағамдап үлгердің бе? –  Менің Қазақстанға келгеніме көп уақыт болған жоқ. Оған қоса чемпионат аясындағы барлық ойында алаңға шығып үлгерген жоқпын. Сондықтан да Қазақстан чемпионатының деңгейіне нақты баға бере алмаймын. Алайда, «Астананың» осы ойындарда өз күшін көрсетіп, турнирлік кестеде алғашқы сатыда келе жатқандығы қуантады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×