Рангник: «Хаверц - Йохан Кройфтың заманауи нұсқасы»

26.09.2020, 16:11
«Челси» бүгін «Вест Бромвичке» қарсы ойнайды.
Рангник: «Хаверц - Йохан Кройфтың заманауи нұсқасы»

"РБ Лейпцигтің" бұрынғы жаттықтырушысы Ральф Рангник жақында ғана "Челси" клубына ауысқан Германия ұлттық құрамасының ойыншысы Кай Хаверц жайлы өз пікірін білдірді.

"Мен Кай Хавертцтің үлкен жетістіктерге жететініне және үнемі үздіктер қатарынан көрінетініне күмәнданбаймын. Ол алдағы бірнеше жыл ішінде әлемдегі ең үздік ойыншылардың біріне айналады. Мен "Лейпцигте" жүргенде оны сатып алуға тырыстым. Оның ойын мәнеріне келетін болсақ, әлсіз жақтарын байқамадым. Хаверц Йохан Кройфтың заманауи нұсқасы. Бұл трансфер Челси үшін сәтті болатыны сөзсіз", - деді Рангник

Естеріңізге сала кетейік, Хаверц 5 қыркүйек күні Лондондық клубтың ойыншысы атанған еді. "Челси" ойыншы үшін 100 миллион еуро төледі (80 миллион + 20 миллион еуро бонус). Бұл клуб тарихындағы рекордты сома болып табылады. Хаверц "Челси" сапында үш ойын өткізіп үлгерді. "Барнслиге" қарсы өткен кездесуде хет-трик жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×