«Рапид» клубының 17 жасар шабуылшысына «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» көз тікті

26.12.2020, 17:10
«Барселона» ұсыныс жасап үлгерген секілді.
«Рапид» клубының 17 жасар шабуылшысына «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» көз тікті

"Манчестер Юнайтед" пен "Барселона" аустриялық футболшы Юсуф Демирге қызығушылық танытуда.

Шабуылшының агенті бұған дейін ойыншы каталондық клубқа жазғы трансферлік кезеңге дейін ауыса алмайтынын айтқан болатын.

"Қызыл сойқандар" болашағынан зор үміт күттіретін ойыншыларды іздеуде, сондықтан олар жас футболшы үшін таласта "Барселонаны" басып озуды көздейді.

Демир Аустрия чемпионатының ағымдағы маусымында 10 матчқа қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі рет пас берді. 17 жастағы шабуылшының "Рапидпен" келісімшарты 2022 жылдың жазында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×