29 жастағы аяқдопшы 1 шілдеден бастап клубсыз жүр.
Ел құрамасының ойыншысы соңғы рет түркиялық “Адана Демирспорда” өнер көрсетті. Онда ол барлығы 37 ойын өткізіп, 7 гол соқты.
Абат 1 шілдеден бастап “Адана” аяқдопшылары тізімінен шығып, еркін агент атанды.
Бұған дейін Айымбетовке “Рапид” командасы қызығушылық білдірді деп жазған болатынбыз. Румыниялық ұжым бастапқы құрам шабуылшысының жарақат алуына байланысты, бір ойыншыға жарымай жүргендігін де алға тартқанбыз.
Алайда ұзақ уақыт өтсе де, “Рапид” трансферге байланысты ешқандай әрекет жасамады. Енді міне, Айымбетов Румыния чемпионатындағы алғашқы қазақ атанады деп отырғанымызда, команда “Винтентурдан” Антуан Баруан есімді жас шабуылшыны қатарға қосты. Бұл дегеніміз отандасымыздың алда қандай ұжымда өнер көрсететіні белгісіз күйде қалғанын білдіреді.