Раум: Ольмо екеуміз Германия мен Испания Әлем чемпионатын жеңе алмайды деген шешімге келдік

26.11.2022, 03:50
Раум: Ольмо екеуміз Германия мен Испания Әлем чемпионатын жеңе алмайды деген шешімге келдік


Германияның қорғаушысы Давид Раум Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Даниэль Ольмомен пікірлесіпті.


"Біз әлем чемпионатында оңай қарсылас болмайтынын әу-баста білгенбіз. Бундеслигада жапондықтар көп ойнайды. Олардың барлығынын деңгейі жоғары. Топтан шығудағы жағдайымыз әлі белгісіз. Мундиаль алдында Ольмоға хабарласқанмын. Ол маған Испанияның мықты екенін айтқан болатын.


Сөйлесе келе біз, Испания мен Германияның Әлем Чемпионатында фаворит емес екенін алға тарттық. Мен "қызыл фурияны" сыйлаймын. Арадағы кездесу тартысты болады деген сенім мол".


Айта кетейік, Испания мен Германия бір топта өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×