“Реал” Алматыға сапар алдында қарсыласын тас-талқан етті

24.09.2025, 11:00

Испания Ла Лигасының 6-турында "Реал"  "Леванте" командасына қарсы сырт алаңда ойнап, жеңіске жетті.

“Реал” Алматыға сапар алдында қарсыласын тас-талқан етті

Ойын "Сьюдад де Валенсия” стадионында өтті,.

Хаби Алонсо командасын келесі құраммен шығарды: Куртуа, Асенсио, Хёйсен, Гарсия, Фернандес, Вальверде, Себальос, Мастантуоно, Мбаппе, Гюлер, Винисиус Жуниор.

Бірінші таймда Винисиус Жуниор (28-минут) және Франко Мастантуоно (38-минут) қонақтарды алға шығарды. Екінші таймда Карл Эдуард Этта Эйонг (54-минут) есепті қысқартса да, кейін Килиан Мбаппе дубль жасап, кездесуді 4:1 есебімен "Реалдың” пайдасына шешті.

Осы жеңістен кейін "Реалдың" ұпайы 18-ге жетіп, турнир кестесінде көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×