«Реал» Аргентинадан қақпашы тапты

15.03.2015, 21:26
«Реал» Аргентинадан қақпашы тапты

Мадридтік «Реал» Аргентинаның «Ривер Плейт» клубының қақпашысы Аугусто Батальяны алдағы жазда жалға алмақ. Бұл туралы испан басылымы AS хабарлап отыр.

Басылым таратқан ақпарат бойынша, аргентиналық клубтың президенті Родольфо Д’Онофриоқақпашының «корольдік клубқа» ауысатынын ресми түрде мәлімдеген. Бірақ, әлі келісімшарт құрылмапты.

Аугусто Баталья – Аргентина жастар құрамасының қақпашысы. «Реалда» негізгі құрам ойыншыларымен жаттығу жұмыстарын жүргізгенмен, негізінен «Кастилья» клубының намысын қорғайтын болады. Аргентиналық қақпашы қазіргі таңда болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған спортшылар қатарынан.

Айта кетейік, мадридтік «Реал» Испания чемпионатының ХХVI тур қорытындысы бойынша екінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×