"Реал Мадрид" бас бапкері Хаби Алонсо Ла Лигадағы дебюттік маусымында тарихқа енді.
6-турдағы "Левантеге” қарсы жеңісінен кейін ол "Реалдың" тарихында өз дебютінде алты матчты қатарынан жеңіп шыққан екінші бапкер атанды. Бұған дейін мұндай көрсеткішке тек Вандерлей Лушембурго (2005 жыл) ғана қол жеткізген еді.
"Реал” өз тарихында Ла Лига маусымын алты жеңіспен бастауын өте сирек тіркеуде. 1958/1959, 1961/1962, 1968/1969, 1987/1988, 2022/2023 және енді 2025/2026 жылдары.
21-ғасырда мұндай бастаманы "Барселонаның” үш бапкері – Тито Виланова, Херардо Мартино және Ханс-Дитер Флик жасағанын айта кетейік.