“Реал”-”Барселона”: МЕССИ, РОНАЛДУ, ҚОС ПЕНАЛЬТИ және ҚАЗАҚТЫҢ КӨК ТУЫ

18.04.2011, 17:00
“Реал”-”Барселона”: МЕССИ, РОНАЛДУ, ҚОС ПЕНАЛЬТИ және ҚАЗАҚТЫҢ КӨК ТУЫ
Кеше түн ауа бүкіл әлем көз тіккен “Реал” мен “Барселона” ойыны жайлы бір күннің ішінде миллионнан астам сараптама жазылыпты әлемде. Бұл туралы испандық басылымдар шулап жатыр. Тіпті қос алыптың ойыны Еуропа һәм әлем чемпионатының матчтарынан да деңгейі асып түскен. Бұл тек эл-Классиконың басы ғана. Алда әлі біз көрер қызық алда. 18 күннің ішінде 4 айқас. Шыны керек, ойын алдында бір команда жеңеді деп топшылағанымыз, рас. Әлем жанкүйерлері бұл ойынның бас қаһарманы деп португалиялық Пепені атапты. Дұрыс шешім. Пепе өзінің алаң ортасындағы нағыз талант екенін танытты. Егер Пепе болмағанда “Реал” жеңілуі де бек мүмкін еді. Роналду соққан голды анықтап қараңызшы. Қазақтың көк туын көзіңіз шалады. Демек, бұл ойынды қазақтың бір қара домалағы өз көзімен тамашалағаны… Бақыт бұл нағыз жанкүйер үшін Примера. 32 тур “РЕАЛ” – “БАРСЕЛОНА” – 1:1 (0:0) Голдар: Месси, 53 – пенальти (0:1). Криштиану Роналду, 82 – пенальти (1:1). “Реал”: Касильяс, Серхио Рамос, Альбиоль, Рикарду Карвалью, Марселу, Хедира, Пепе, Хаби Алонсо (Арбелоа, 67), Ди Мария (Адебайор, 67), Бензема (Езил, 57), Криштиану Роналду. “Барселона”: Виктор Вальдес, Даниэл Алвес, Пуйоль (Кейта, 58), Пике, Адриану (Максвелл, 80), Иньеста, Серхио Бускетс, Хави, Педро (Афеллай, 66), Месси, Вилья. Ескертулер: Адриану, 9. Пике, 27. Марселу, 31. Арбелоа, 77. Даниэл Алвес, 79. Виктор Вальдес, 82. Алаңнан қуылды: Альбиоль, 52. Төреші: Муньис Фернандес. Мадрид. “Сантьяго Бернабеу”. 80 000 аламан.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×