«Реал» бірінші орында!

22.06.2020, 08:58
Испан Ла-лигасы қыза түсті.
«Реал» бірінші орында!

"Реал" Сосьедадқа қонаққа барған "Реал" Мадрид 2:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші тайм басталған тұста Серхио Рамос пенальтиден есеп ашты. Кейіннен Кәрім Бензема есепті еселеп тастады. Бұл жерде Бензема айып алаңының ішінде қолмен ойнағаны ВАР арқылы қайта қарастырылды. Сөйтсе шабуылшы иықпен ойнапты. Ал осының алдында Аднан Янұзай соққан гол офсайд деп есепке алынбады. Шынын айтуымыз қажет бұл шешім бізді қатты таңқалдырды.

"Реал" капитаны Рамос тізеден жарақат алып капитандық белгіні Марселоға қалдырды. Марсело қорғанысқа да, шабуылға да дұрыс үлгере алмай шау тартқанын көрсетті. Ортадағы ойынға жөнді араласа алмаған Хамес Родригестің де "Реал" ойынын құртып жүргені байқалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×