«Реал» биылғы трансферлік терезеде ешкімді алмайтын секілді

13.08.2020, 17:49
Мадридтік ұжым қаржылық мәселелереге тап болды.
«Реал» биылғы трансферлік терезеде ешкімді алмайтын секілді

Marca басылымының мәлімдеуінше, егер де, "Реал" биыл ешккімді сатпайтын болса, трансфер терезесінде де ешқандай ойыншыны қатарға қоспайды.

Бұған себеп, пандемияның кесірінен туындаған қаржылық қиындықтар. Бұл жайлы клубтың бас директоры Хосе Анхель Санчес команда ойыншыларымен кездесуде тілге тиек етті. Және оның айтуынша, корольдік ұжымның басшылығы Чемпиондар лигасындағы сәтсіздікке қарамастан, команданың биылғы маусымдағы көрсеткен нәтижелеріне толықтай көңілдері толады.

Және мадридтіктер жоғарыда аталған қаржы қиындықтарына байланысты, 2019/20 маусымды өзге командаларда жалда өткізген ойыншыларын қайтарып алмақ. Дәлірек айтқанда, қақпашы Андрей Лунин ("Овьедо"), жартылай қорғаушы Мартин Эдегор ("Реал Сосьедад") және хавбек Дани Себальос ("Арсенал").

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×