“Реал” Чемпиондар Лигасында ең көп пенальти тепкен ұжым атанды

Мадридтік команда “Марсельмен” болған ойында өз пайдасына екі пенальти алып келді.

“Реал” Чемпиондар Лигасында ең көп пенальти тепкен ұжым атанды

"Сантьяго Бернабеуде" болған ойын 2:1 есебімен алаң иелері пайдасына шешілді. “Реалдың” қос голын 11-метрлік айып добынан Килиан Мбаппе соқты. 

Кешегі кездесуден кейін Мадрид командасы Чемпиондар Лигасында ең көп пенальти тепкен ұжым атанды (63 рет). Испандық ұжым бұл көрсеткіш бойынша мюнхендік Баварияны басып озды (62 рет)

Одан кейін, тізімде “Барселона” (56), “Ман Сити” (37) және “Арсенал” командалары орналасқан (36). 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Реал Мадрид
Aladop Youtube
×