«Реал» Эль-Классико кезіндегі төрешілер әңгімесін сұратып жатыр

20.12.2019, 22:07
«Реал» Эль-Классико кезіндегі төрешілер әңгімесін сұратып жатыр

«Реал» Испания футбол федерациясына Эль-Классико кезінде даулы сәттерге қатысты төрешілер арасындағы әңгімені жіберу туралы ресми хат жолдады деп хабарлайды AS порталы.
Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, клуб басшылары VAR төрешісі мен бас төреші арасындағы аудио диалогты тыңдағылдары келеді.
Осылайша, «галактикос» жетекшілері Рафаэль Варан мен Клеман Лангле арасындағы қақтығыс кезінде неге бейнеқайталау жүйесі қолданылмағанын анықтамақ.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×