«Реал Мадрид» «Монаконың» колумбиялық шабуылшысы Радамель Фалькаоны сатып алмақ.
Daily Express басылымының мәлімдеуінше, 29 жастағы форвардты сатып алуға «корольдік клубтың» бас бапкері Карло Анчелоттидің өзі ниет етуде. «Реал» бұл трансфер үшін «Монакоға» 43,5 млн еуро беруге дайын.
«Манчестер Юнайтедке» жалға берілген Фалькао осы маусымда АПЛ-де 20 матч өткізіп, төрт рет гол соққан және төрт рет нәтижелі пас берген.