Мадридтік “Реал” Испания чемпионатының алтыншы турында дербиде “Атлетикодан” ірі жеңіліске ұшырады – 5:2.
Бұл нәтиже Корольдік клуб тарихында сирек кездесетін оқиға болды. “Реал” ресми матчта 75 жылдан бері алғаш рет қарсыласынан бес гол өткізіп отыр. Осылайша Хаби Алонсоның командасы өз тарихындағы антирекордты жаңартты.
Мадридтіктер келесі матчын Алматыда “Қайратқа” қарсы өткізеді.