"Реал Мадрид" ФИФА-ға Клубтар арасындағы әлем чемпионатын әр екі жыл сайын өткізу туралы ұсыныс білдірді. Алайда қазіргі таңда Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мұндай жоспарды қарастырып отырған жоқ, деп хабарлайды The Guardian басылымы.
Ақпарат көзінің мәліметінше, өткен Клубтар арасындағы әлем чемпионатының матчтарына сатылған билеттердің 25 пайызын "Реал” жанкүйерлеріне алған екен. Осы дерекке сүйенген Мадридтік клуб бұл турнирден халықаралық танымалдығының арқасында қосымша табыс табуға болатынын көріп отыр.
2025 жылғы Клубтар арасынлағы әлем чемпионатының жеңімпазы – Лондонның "Челси” командасы. Финалда олар Францияның "ПСЖ” клубын жеңді. Ал "Реал” жартылай финалда Париждіктерге есе жіберген болатын.
Айта кетерлігі, өткен маусымда "Реал Мадрид” бірде-бір ірі турнирде жеңіске жете алмады. Испания чемпионы және Кубогының иегері "Барселона” атанса, Чемпиондар лигасының жеңімпазы — "ПСЖ” болды.