“Реал Мадрид” бас бапкері Хаби Алонсо жанкүйерлерге қуанышты хабар жеткізді.
Клубтың негізгі жартылай қорғаушылары Эдуардо Камавинга мен Джуд Беллингем Ла Лигадағы “Эспаньолға” қарсы матчта алаңға шығуы мүмкін. Бұл қос ойыншының 2025/26 маусымындағы алғашқы кездесуі болмақ. Бұған дейін олар жарақатына байланысты алаңға шықпаған еді.
“Беллингем мен Камавинга ертең ойнауы мүмкін. Әлі де дайындықтарын толық аяқтаған жоқ, бірақ мүмкіндік бар. Көретін боламыз.” – деді Алонсо баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, соңғы “Марсельге” қарсы (2:1) ойында қос футболшы матчтың қосалқы құрамында болды, бірақ алаңға шыққан жоқ.
“Реал” Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде “Қайраттың” келесі қарсыласы болмақ. Қос команда арасындағы ойын 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.