“Реал Мадрид” 2024/2025 маусымын рекордтық табыспен аяқтады

18.07.2025, 12:30

"Реал" ресми сайтында 2024/2025 жылын таза пайдамен аяқтағаны туралы жариялады. Клуб таза пайда ретінде 24 миллион еуро тапқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 56%-ға немесе 9 миллион еуроға көп.

“Реал Мадрид” 2024/2025 маусымын рекордтық табыспен аяқтады

2024/2025 жылындағы трансферлерді есептемегендегі жалпы табыс рекордтық 1,185 миллиард еуроға жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10%-ға көп. Мұндай табыс көрсеткіші бұрын-соңды ешбір футбол клубында болмаған. 

Сондай-ақ, "Реалдың” жеке капиталы 598 миллион еуроға дейін өскен. Қарыз коэффициенті 0-ге тең, бұл клубтың төлем қабілеті мен қаржылық тәуелсіздігінің жоғары екенін білдіреді. Стадионды қайта жөндеуге алынған несиелерді есептемегенде, клубтың таза қарызы 12 миллион еуроны құраған. Ал несиелер бойынша өтелмеген жалпы сома — 1,132 миллиард еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×